Мерекенің көркін ашқан әсерлі концерттік бағдарлама болды: оқушылар әсем әндер айтып, ұлттық билер билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Наурыз - бірлік пен достықтың, салт-дәстүрге деген құрметтің символына айналды. Мереке қуанышқа, жылы эмоция мен шынайы ықыласқа толы болды.
Осы жарқын мереке әр шаңыраққа құт-береке, бақыт пен жаңа үміт әкелсін!