Қымбатты туған қаламыз Рудный қаласының тұрғындары!
Сіздерді шын жүректен көктемнің шуақты да жарқын мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Табиғатпен бірге түлейтін бұл мереке жүрегімізге жылу сыйлап, жақсылыққа деген сенімді арттыра берсін.
Осы мерекелі күні әр шаңыраққа шаттық, әр отбасына амандық, ырыс-береке мен молшылық тілеймін.
Балаларымыз сүйіспеншілікке бөленіп, ұлттық дәстүрді құрметтеп, туған жерін мақтан тұтатын азамат болып өссін.
Рудный қаласына өркендеу, тұрақты даму және құт-береке тілеймін. Қаламыз әрдайым ізгі жандар мекені, мол мүмкіндік пен жарқын болашақтың ордасы болып қала берсін.
Көктемнің, жаңарудың және ізгіліктің мерекесі - Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметпен, мектеп директоры.